4 Сафар
«Намаз оқып үйренейік» практикалық семинары өтті 4547

«Намаз оқып үйренейік» практикалық семинары өтті

27 мамыр 2025 458 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінде ұстаз Ақерке Сагиеваның бастамасымен әйел жамағатына «Намаз оқып үйренейік» практикалық семинары ұйымдастырылды. 

Алғашқы дәріс барысында қатысушыларға намаз оқудың маңызы мен шарттары, рүкіндері мен тәртібі түсіндіріліп, практикалық жаттығулар жасалды. Ұстаз қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, әрбір қимыл мен дұғаның мәнін кеңінен баяндады.

Айта кетсек, семинар ҚМДБ бекіткен «Ислам және отбасы құндығы» жылы аясында өтті. Мақсаты — қыз-келіншектердің дінге деген қызығушылығын арттырып, намаз оқуды үйрету арқылы рухани сауаттылықты арттыру.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі