Бас имамға құрмет көрсетілді 3600

Бас имамға құрмет көрсетілді

09 қыркүйек 2024 297 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевке Алматы қаласының Бас имамы Төлеби Оспан бұған дейін атқарған Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет ата» мешітіндегі имамдық қызметіндегі діни ахуалды жақсартқанына, сонымен қатар «Бекет ата» мешітін демеушілер арқылы толықтай күрделі жөндеуден өткізуге атсалысып, дін қызметкерлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде қосқан үлесі үшін алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар қазақи дәстүр бойынша иығына шапан жауып, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.

Одан өзге жұма намазынан соң мешіт ақсақалдары ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға етіп, бата жасады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі