Балалар күні мектеп балаларына қуаныш сыйлады
1-маусым халықаралық балаларды қорғау күніне орай Ақтөбе қаласы «Қабақ баба» мешітінің ұжымы Ақтөбе қаласы, Заречный-3 шағын ауданындағы №61 орта мектебіне арнайы барып, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Бүлдіршіндерге мешіттің бас имамы Нұрлыбек..... «Болашақтарың жарқын болып, елі үшін еңбек етер азамат болғайсыңдар! Халқымыздың ертеңі —сіздермен баянды. Білім берген әр ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, алға ұмтылыңдар!» деп ыстық лебізін білдірді.
Сондай-ақ, балаларға балмұздақтар таратылып, мектеп ауласында аниматорлармен көңілді ойындар ойнатылды.
Аталған шараға бастамашы болған Қабақ баба мешітінің бас имамына мектеп басшылығы алғыстарын білдіріп,рахметін айтты.