198 отбасыға көмек көрсетілді 1252

198 отбасыға көмек көрсетілді

29 қаңтар 2022 346 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде қаңтар айында «Үміт сыйла», «Қайырымды жұма», «Жылулық сыйла», «Жетім көрсең, жебей жүр», «Қолдан қолға» т.б жобалар аясында Ақтөбе облысындағы ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» жауапты өкілдігі мен ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 33 қайырымдылық іс-шарасы өтті.

Аталған қайырымдылық акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі отбасыларға, көп балалы және жалғызбасты аналарға, аз қамтылған отбасыларға, жалпы алғанда 3000 880 қаражатқа 198 отбасыға көмек көрсетілді. Оның ішінде 2 тонна, 587 кг еттей және азық-түлек үлестірілді.

Шара қортындысында ақсақалдар бата беріп, көмек алған отбасылар мешіт қызметкерлеріне алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі