Бала тәрбиесі бойынша кездесу өтті
Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінде бас имамның қатысумен кездесу өтті. Шара тақырыбы «Бала тәрбиесіндегі әкенің орны» атты мәселеге арналып, отбасыдағы қарым-қатынас, дін мен дәстүрдің бала тәрбиесіне әсері жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, Нұрлыбек Шакизадаұлы «Қай ата-ана болмасын баланың жақсы тұлға болып қалыптасып, игі ұрпақ болғанын қалайды. Дегенмен, сол қалауды шынайы жүзеге асыруда қаншама қажыр мен күш жұмсау қажеттігін ұмытып жататындар көп. Материалдық қажеттілікті алға тартып, рухани тәлімді шегеріп қойған себепті қоғамда бала ата-анасын жерге қаратып жататыны ащы шындық,”-деп атап өтті. Кеш барысында мұражай қызметкерлері мен студенттер тақырып аясында өз пікірлерімен бөлісіп, кейін бас имамға сауалдар жолдап, тұщымды жауаптар алды.