АТТ мүшелері Жұбанов ұжымымен кездесті
Ақтөбе қаласы ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының ұжымымен кездесу өткізді.
Түсіндіру жұмыстарының басты мақсаты-дәстүрлі дінімізді дәріптеп, жат ағымдардың алдын-алу,сондай-ақ, қоғамның діни сауатын арттыру.
Өнер орталығында өткен кездесу барысында ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі,Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы және теолог Мәди Орынбай дін мен дәстүр сабақтастығы, жастар тәрбиесі туралы түсіндіріп өтті.
Одан өзге, жат ағымның алдын алу жолдары жайлы кеңінен тарқатып: «Діндегі адасушылық-бұл бір ғана адамның тура жолдан тайқығаны емес, қоғамның бір бөлігінің дәстүрлі дінімізден алшақтағаны деп қарағанымыз жөн.Өйткені, бір адамның әсері оның айналасындағы қаншама отбасы мен ұжымдарға әсер етпей қоймайды.Сол себепті, дінді дұрыс түсініп және ұстану үшін әрі оны түсіндіруде мешіттеріміздің есіктері әрдайым ашық. Мамандарымыз барлық діни сауалдарыңызға жауап беруге әзір» - деп атап өтті.
Кездесу соңында филармония ұжымы тарапынан қойылған сауалдарға жауап берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі