«Әже, Ана және Мен» атты шара өтті
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі , «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінде отбасылық қарым-қатынасты нығайтатын іс-шаралар қатарын көбейтті.
Нақтырақ айтсақ, мамыр айының 14 күні, сенбі демалысында Отбасы күніне орай «Әже, Ана және Мен» атты іс-шара өткізілді. Кішкентай бүлдіршіндер өздерінің аналары мен ақ жаулықты әжелерімен бірге 2 топқа бөлініп, көңілді жарыстар ұйымдастырылды. Сайыс 4 негізгі кезеңнен құралды: самокатпен жарысу, секіртпемен секіру, кедергілер арасынан өту. Сайыс нәтижесінде кішігірім сый ретінде ойыншық, әжелерге жайнамаз тарту етілді.
Іс-шара ұйымдастырушылары, Нұр Ғасыр ұстаздары Кушкарова Кенжегүл мен Ерболатова Ақмарал.
Осындай керемет іс-шараларымыз көп болсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі