«Салауатты Шалқар жамағаты»: Футболдан жарыс өтті
«Салауатты Шалқар жамағаты» атты ер жамағаты арасында футбол жарысы өтті. Шараға аудан бойынша 20-дан аса жамағат қатысты. Шараның ашылу салтанатында ҚМДБ-ның Шалқар ауданы бойынша бас имамы А.Медетбеков қатысып, сөз сөйледі.
Ауданның бас имамы өз сөзінде халық денсаулығы тек медицина қызметкерлерінің кәсіби тірлігі ғана емес, бүкіл қоғамның тұтас денсаулық сақтауға және нығайтуға арналған үйлескен іс-қимыл әрекеттерінің жемісі екенін баршамыз да ұғынуға тиіспіз. Сонда ғана қоршаған ортаны сақтай отырып, таза су ішіп, дұрыс тамақтанып, иманды және салауатты өмір салттарын тұрақты қалыптастырсақ болашақтың жарқын кепілі болмақ. «Денсаулық –зор байлық, адам бақытының бастауы» – дейді халқымыз .
Ата бабаларымыздың бұл дана ой –пікірі талай ғасырлар белесінен өтіп бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың денсаулығы ұлан асыр байлық екені рас, тек оған ие болу үшін көп күштер жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей өзгерісте болады. Оны сақтау үшін еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс – әрекет жасау керек. Оған нақты білім, ынта-ықылас, ерік –жігер қажет, онсыз баянды, әрі ұзақ денсаулықты сақтау қиын .
Футбол жарысына «Аңсар», «Медресе», «Матай» командалары қатысты. 1-ші орынды «Аңсар», 2-ші орынды«Матай мешіті», 3-ші орынды «Медресе» командасы иеленді. Спортқа қатысушылардың иелененген орындарына байланысты дипломдар мен ақшалай сыйлық берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі