«Шын мәнінде Ол – ұлы кітап» атты Құран жарысы ұйымдастырылды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі мен «Ихсан» орталығының ұйымдастыруымен қалалық әйел жамағаты арасында «Шын мәнінде Ол – ұлы кітап» атты Құран жарысы өтті.
Аталған байқауға қатысушылар 3 номинация бойынша атап айтқанда 30-шы пара, жарты пара және Құранды мәнерлеп оқудан қатысты.
Доданы Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мәди Орынбай ашып, Құран оқу мен жаттау сауабына тоқталып, қатысушыларға сәттік тіледі.
Мешіт шәкірттеріне РАТТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің құрметті профессоры және оқытушысы, исламтанушы ғалым Шамшат Әділбаева, Зейнеп қари Ералиева, «Досжан хазіреті» мешетінің ұстазы, қари Ақнұр Төлениязова қазылық етті.
Айта кетсек, жарысқа 45 адам қатысты.
САЙЫС ҚОРТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ЖЕҢІМПАЗДАР
30-шы пара бойынша
І орын – Жарылғасын Хадиша, «Бақытжан» мешіті
ІІ орын – Абдурахман Айша
ІІІ орын – Жарылғасын Әмина, «Бақытжан» мешіті
Жарты парадан («Шәмс» пен «Нәс» сүрелері арасында)
І орын – Әби Кәусар, «Бақытжан» мешіті
ІІ орын – Айғали Гүлдариға, «Нұр Ғасыр» мешіті
ІІІ орын – Болатқызы Ақтілек
Құранды мәнерлеп оқу
І орын – Жолдасова Данагүл
ІІ орын – Аманкулова Мейрамгүл
ІІІ орын – Кадирова Жанар
Аталған доданы қортындылаған әділқазы төрайымы НМУ профессоры Шамшат Әділбаева ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, қатысушылардың дайындығы туралы айтып өтіп, «Бүгінгі сайыс – Құранға деген махаббаттарыңыздың жемісі, сайыстардың алғашқы сатысы»,- деп жігерлендірді.
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанған жеңімпаздарға алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі