Қаланың жаңа бас имамы Сазды ауылына барды
Ақтөбе қаласының жаңадан тағайындалған бас имамы Алмат Әли алғашқы жұмыс күнін Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен келген ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры, РАНТ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиевпен бірге Сазды ауылында барды.
Жұмыс сапары барысында «Қайырқожа» мешітің тыныш-тіршілігімен танысты. Алмат Әли мен Мақсатбек Қайырғалиев мешіт жанында салынып жатқан қызметтік баспананың құрылыс барысымен жіті шолу жасады.
Сонымен қатар қаланың бас имамы аталған мешіттің имамы Шыңғыс Құлшаровқа мешіттің ішкі және сыртқы тазалығына аса мән беріп, тез арада ретке келтіруді, сонымен қатар мешіт жанындағы баспананы қыркүйек айына дейін аяқтауды тапсырды.
Одан өзге ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры мешіт жанындағы баспанаға қор тарапынан қаржылай қолдау көрсететінін жеткізді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі












































