Облысқа қарасты 70 мешітте жамағаттың діни сұрақтарына жүйелі жауаптар берілуде
01 ақпан 2026
65
Оқу 0 минут
Ақтөбе облысына қарасты қала, аудан және ауылдық мешіттерде әр қасиетті жұма күні жұма намаздан кейін намазға жиналған жамағаттың көкейде жүрген діни сұрақтарына жауаптар беріліп келеді. Сонымен қатар қоғамдағы түйткілді әрі күрделі діни мәселелердің жауаптарына қатысты ҚМДБ «Шариғат және пәтуа» бөлімінің пәтуалары кеңінен түсіндірілуде.













































