19 Рабиғ әл-әууәл
Табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды 4664

Табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды

05 шілде 2025 69 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның «Дін мен дәстүр» бағыты аясында Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің ұстазы Нұрадинұлы Нұрбол бастамасымен жамағат арасындағы ынтымақ пен ауызбіршілікті нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында табиғат аясында рухани шара ұйымдастырылды. 

Шарада спорттық сайыстар мен ұлттық ойындар өтіп, мешіттің белсенді жастары қатысты.

Сонымен қатар мешіттің имамы Молдабайұлы Нұрлыбек жастардың рухани тәрбиесі мен болашаққа деген сенімін нығайтатын бірлік пен имандылық турасында уағыз-насихат айтып, тәрбиелік бағытта сұхбат өткізді.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі