11 Рабиғ әл-әууәл
17:52 Екінті
Қаланың жаңа бас имамы «ll жарты жылдық жүйелі жұмысты жандандыру» атты жиын өтті 4676

Қаланың жаңа бас имамы «ll жарты жылдық жүйелі жұмысты жандандыру» атты жиын өтті

10 шілде 2025 365 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының жаңадан тағайындалған Бас имамы Алмат Әлидің төралағымен Ақтөбе қалалық орталық мешітінде «II жарты жылдық жүйелі жұмысты жандандыру» тақырыбында жиын өтіп, оған барлық қала мешіттерінің имамдары, азаншылары, ер және әйел ұстаздары қатысты. 

Алқалы жиында Алмат Әли: «Құрметті әріптестер! Алдағы бірлесіп атқарар жұмыстар көп. Біздің ҚМДБ бекіткен жоспарлар аясында қарқынды жұмыстар жасап, жыл соңын жақсы көрсеткішпен қортындылауымыз керек» деді.

Ақтөбе қалалық мешітінің ұстазы Рүстембек Аманғосов 6 айда атқарылған жұмыстар туралы баяндады. Ал «Анашым» мешітінің имамы Мәди Орынбай «Дін мен дәстүр» бағыты, «Бақытжан» мешітінің имамы Ержан Мизамов «Қажылық» бөлімі, «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Аслан Қорған «Жастар» секторы бойынша ендігі атқарылатын жұмыстарға тоқталды.

Сондай-ақ имамдар мен ұстаздарға ҚМДБ Муфтият баспасынан шыққан «Бес асылың білсеңіз» атты кітаптарды сыйлық қылып табыстады. Аталған кітапты мешіт жамағаты, дін жанашыры Талғат есімді азамат марқұм болған әкесі мен ата-бабаларының атынан уақып садақасы етіп Ақтөбе облысы имамдарына табыстаған болатын. Алла тағала кәсібіне береке, отбасына амандық бергей.

Сонымен қатар қаланың Бас имамы қала мешіттері имамдарының жыл соңына дейін қалалық орталық мешітте кезекпен насихат айтып, үздік имам жыл соңында марапатталатынын жеткізді.

Одан өзге әйел ұстаздарға да бірнеше тапсырмалар берілді.

Айта кетсек, жиын барысында күн тәртібіндегі өзекті мәселер ретінде де мешіт тазалығы, киім және сөйлеу әдебі, жамағаттың ауызбіршілігін арттыру туралы жіті тоқталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі