ЖАНТ мүшесі Әйтеке би ауданында
Ақтөбе қаласы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында 2 күн Әйтеке би ауданында іс-сапарда болды.
Жобаның бірінші күні Әйтеке би ауданына қарасты Әйке ауылындағы тұрғындармен «Тәрбие тал бесіктен» тақырыбында «Білім – жанып тұрған шырақ» атты тақырып аясында мектеп оқушыларымен кездесу өтті. Ал Тереңсай ауылындағы мектеп ұжымы және оқушыларына жат ағымнан сақтану сақсатында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар аудан орталығы Т. Жүргенов ауылындағы орталық мешітте құптан намазын өткізді. Ал ауданның Бас имамы Ғабилолла Тілестің ұйымдастыруымен өткен жамағаттың айлық басқосу дастарханында ЖАНТ мүшесі Сұңғат Қанатұлы «Мұсылманның тұлғалық келбеті» тақырыбында уағыз –насихат айтты.
Іс-сапардың екінші күнінде жеке кездесулер ұйымдастырылды. Одан өзге имам Сұңғат Саметов аудандық орталық мешітте «Дінге беріктік (Истиқама)» тақырыбында уағыз айтып, жұма намазын жүргізді.
«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясындағы 2 күндік іс-сапар шекара қызметі комендатурасында «Діннің негізгі құндылықтары» тақырыбындағы түсіндіру жұмыстарымен қортындыланды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі