Әйел жамағатына «Ихсан» кітабы таныстырылды 690

Әйел жамағатына «Ихсан» кітабы таныстырылды

16 шілде 2021 203 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, ұстаз Кенжегүл Қошқарова Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің әйел жамағатына «Ихсан – Рухани тәрбие негізі» атты кітапты таныстырды.

Кітаптың мазмұнын егжей-тегжейлі баяндаған ұстаз, соңғы кездері екінің бірі білімі болмаса да кітап жазып жатқанын тілге тиек етті. Сондай-ақ, пайдалы кітап пен пайдасы жоқ кітаптың айырмашылығын түсіндірді.

ҚМДБ ғұламаларының қаламдарынан шыққан ерекше туындының құндылығына тоқталып, әйел адам көбінесе үйде отыратын болған себепті әрі балалардың жанында көп уақытын өткізуіне байланысты аталмыш еңбектің жан тәрбиесі, бала тәрбиесі және қоғаммен қарым-қатынаста таптырмас көмекші құрал екенін жеткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі