РАНТ мүшесі Шалқар ауданына барды 2148

РАНТ мүшесі Шалқар ауданына барды

01 қазан 2022 146 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен өңірдегі діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы Шалқар ауданында 2 күндік іс-сапармен барды.

Аталған іс-сапар барысында 5 шараға қатысып, 410 адамға ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Қамқор-локоматив пайдалану депосы» мекемесіндегі теміржол қыметкерлеріне, аудан тұрғындарына, мешіт жамағатына ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді. Сонымен қатар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма намазын жүргізіп, «Салауат айтудың артықшылығы» тақырыбында жамағатқа уағыз-насихат айтты.
Одан өзге 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай мешіт ақсақалдарымен кездесті.

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі