Ақтөбе имамдары арасында  асық ату және воллейболдан сайыс өтті 5900

Ақтөбе имамдары арасында асық ату және воллейболдан сайыс өтті

10 February 2026 37 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бағдарлық баяндамасына орай 4 бағыттың бірі — «Дәстүр және отбасы» бойынша Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Бейімбетұлының ұйымдастыруымен қала мешіттерінің имамдарының арасында воллейболдан және ұлттық спорт түрі асық атудан сайыс өтті. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру және бірлік мақсатындағы шараға Ақтөбе облысының бас имамы Амантай Садив қатысып, діни қызметкерлер арасында бірлік пен татулықты насихаттады. Алла жолында жасап жатқан қызметтеріне береке тілеп, Алладан мол сауап жазылуына дұға етті.

Жарыс барысында имамдар топқа бөлініп, тартысты доданың қатысушысы болды. Қортынды бойынша «Нұр Ғасыр» тобы бірінші орынды, ал екінші орынды «Қала имамдары», үшінші орынды «Жастар» тобы иеленді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі