Жаңалықтар
01 June 2026 59
#Құрбанайт2026 : Ақтөбеде 3 күнде 39 тоннаға жуық құрбандық еттері 3649 отбасыға мен 12 мекемеге таратылды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазіреттің бастамасымен іске асып жатқан «QURBAN-2026» қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысы өкілдігі бойынша Құрбан айттың 3 күнінде онлайн және офлайн форматта 1201 қой, 31 ешкі, 54 ірі қара құрбандыққа шалынып, 39 тоннаға жуық құрбандық еттері 3649 отбасыға және 12 мекемеге таратылды.

Жаңалықтар
29 May 2026 38
Жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай Ойыл аудандық мешітінде «Құрбан айт — қайырымдылық көпірі» атты игі шара ұйымдастырылып, Ойыл кәсіптік колледжінің жатақхана студенттеріне құрбандық еті таратылды.

Әйел-қыздар секторы
28 May 2026 140
Ақтөбе облысы: Құрбан айт – 2026 \ репортаж (ФОТО)

Жер бетіндегі барша мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Құрбан айт мейрамына орай айт намазына 19 000 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.

Жаңалықтар
26 May 2026 45
Шалқар: Білім сайысы өтті

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Ихсан және насихат» бағыты аясында «Имам ән-Науауи таңдаған 40 хадис» түсіндірмесін қазақ тілінде жатқа оқу бойынша жамағат арасында білім сайысы өтті.

Жаңалықтар
16 May 2026 48
Отбасы күніне арналған сайыста мешіт жамағаты жеңімпаз атанды

Ақтөбе облысының дін істері басқармасы ұйымдастыруымен және «Жарық» ақпараттық-кеңес беру орталығының қолдауымен Отбасы күніне арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын-сауық іс-шарасы өтіп, жарыста мешіт жамағатынан құрылған топ жеңімпаз атанды.

Жаңалықтар
13 May 2026 37
Хромтау: «Жастар ісі» секторы футболдан қайырымдылық турнирін ұйымдастырды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің «Жастар ісі» секторы ауыр дертке шалдыққан Нұргүл Мақашованың еміне қаржылай көмек көрсету мақсатында шағын футболдан «Өмірге үміт сыйла!» атты қайырымдылық турнирін ұйымдастырды. Аудан көлемінде өткен теңбіл доп додасына 10 команда қатысып, қатысу жарнасынан жиналған 360 мың теңге науқастың есеп-шотына аударылды.

Жаңалықтар
22 March 2026 54
#Оразаайт: Айт мерекесінде балаларға «Рамазан тәттісі» таратылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес қайырымдылық және рухани шаралар жалғасып келеді. Осы жоспар аясында Ораза айт мерекесінде Қарғалы аудандық мешітінде «Рамазан тәттісі» акциясы ұйымдастырылып, «Айгөлек» және «Балапан» балабақшасында балаларға айттық ретінде тәттілер таратылды.

Әйел-қыздар секторы
22 March 2026 200
Ақтөбеде Ораза айт ұлттық нақышта тойланды (Фото)

Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айының жоспарына сәйкес мұсылман қауым үшін ең қасиетті саналатын екі ұлық мерекенің бірі – Ораза Айт мейрамына орай айт намазына 23 500 адам жиналып, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігі жоғары деңгейде атап өтті.