Аязды күні «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды
ҚМДБ-ның «Ислам және адал қоғам» жылы аясында қасиетті жұма күнінің құрметіне орай Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінің жамағаты мұсылмандардың ауызбіршілігін , ынтымағын көрсетіп, Жаңақоныс ауыл тұрғындарына «Тегін такси» акциясын ұйымдастырды.
Атаулы шараға 20 -дан аса автокөлік өз қызметтерін көрсетті.
«Бақытжан» мешітінің бас имамы Еламан Кәрім бұл акция әр әр жұма сайын жалғасын табатынын айтты. Тұрғындар Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Хазірет пен ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» қызметінің баспасөз қызметі










































