Мәртөкте: Бірлігі жарасқан жамағат бас қосты
ҚМДБ бекіткен «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Мәртөк және Қобда ауданының жамағаты бас қосты.
Игі шараның басты мақсаты – жамағат арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақты арттыру.
Мәртөк ауданының Бас имамы Нұрберген Қазенов пен Қобда ауданының Бас имамы Абай Шымболатов, Темір ауданының Бас имамы Зарлық Ералин бауырмалдықты арттыру аясында насихат айтты.
Қатысушылар ұйымдастырушыларға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі







































