Әйел-қыздар секторы
23 April 2022 401
Шалқар: «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы ұйымдастырылды

Ақтөбе облысы, Шалқар ауданының әйел жамағатына аудандағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубайдың жетекшілігімен Рамазан айының құрметіне «Білім бәйгесі» зияткерлік сайысы өтті.

Әйел-қыздар секторы
16 April 2022 347
Рамазанның алғашқы 10 күнде сауат ашу курсының бір тобына 70 шәкірт қабылданды

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде ұстаз Ардақ Бағдалқызының сауат ашу тобында Рамазан айының алғашқы 10 күнінде 70-ке жуық шәкірт қабылданып, Алланың қасиетті сөзі Құран Кәрімді оқуды үйреніп бастады.

Әйел-қыздар секторы
14 April 2022 486
Ақтөбе: Шәкірттер ұстазға құрмет көрсетті

Бүгін Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан айының құрметіне орай облыстық орталық мешіттің шәкіртері ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысындағы жетекшісі Кенжегүл Кошкароваға ноутбук сыйлады.

Әйел-қыздар секторы
10 April 2022 855
Мәртөк: «Құран – асыл тәжім» атты рухани кеш өтті

Құран түсірілген қасиетті Рамазан айы қарсаңында Мәртөк аудандық мешітінің ұстазы Радина Бимолдинаның жетекшілігімен «Құран– асыл тәжім» атты Құранға түсуші шәкірттердің тәж кию рәсімі өтті.

Әйел-қыздар секторы
08 April 2022 315
Қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушілері сауат ашу орталығында білім алуда

«Жібек жолы» қайырымдылық мекемесінің тәрбиеленушілері Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер сауат ашу орталығында діни пәндер бойынша білім алуда.

Әйел-қыздар секторы
08 April 2022 392
Күн сайын офлайн және онлайн форматта Құран Хатым өтуде

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасына орай, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Рамазан айы басталған күннен әр күн сайын офлайн және онлайн форматта Құран Хатым өтуде.

Әйел-қыздар секторы
04 April 2022 333
Ақтөбе: Мешіт жамағатына «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалығы таратылды

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде мешіт жамағатына Ислам бес парызының бірі – оразаға қатысты көп қойылатын сұрақтар жауабы жинақталған «Оразаға қатысты 150 сұрақ» анықтамалығы таратылды.

Әйел-қыздар секторы
28 March 2022 380
Ұстаз «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Шалқар ауданындағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Шалқар қаласындағы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-нің және Тоғыз ауылдық округі №7 ЖОББМ-нің 9-11 сынып оқушыларына «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізді.

Әйел-қыздар секторы
11 March 2022 346
Ақтөбе: «Иман нұры» хабарында имамдар қонақта

Бүгін «Aqtobe» теларнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы Ержан Мизамов, облыстық орталы мешіттің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова қонақ болып, сүбелі сұхбат берді.