#Рамазан2026: «Досжан хазірет» мешіті балаларға «Рамазан тәттісін» сыйлады
Ақтөбе облысы өкілдігінде ҚМДБ-сы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бекіткен Рамазан айына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы «Досжан хазірет» мешітінің ұстазы Ақжарқын Жилисбаеваның ұйымдастыруымен «Рамазан тәттісі» акциясы аясында мешіт жамағатының балаларына тәттілер таратты.



































