Ақтөбе: Дәстүрлі уағыз дастарханы ұйымдастырылды
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, «Жаңақоныс» ауылындағы «Бақытжан» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен кезекті айлық дастархан жиыны өтті.
Ақтөбе қаласы, Астана ауданы, «Жаңақоныс» ауылындағы «Бақытжан» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен кезекті айлық дастархан жиыны өтті.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Рамазан тағылымы» атты он екі айдың сұлтанының құрметіне орай мерекелік іс-шара өтті.
Шалқар ауданындағы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Матай Қоқанұлы» аудандық мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай Шалқар қаласындағы «Ә.Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ-нің және Тоғыз ауылдық округі №7 ЖОББМ-нің 9-11 сынып оқушыларына «Ұлттық құндылықтар – халық қазынасы» тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізді.
Бүгін ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен мешіт ауласына киіз үй тігіліп, Әз-Наурыз мерекесі аталып өтті.
Бүгін «Aqtobe» теларнасындағы «Иман нұры» бағдарламасында РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы, облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман, қалалық «Бақытжан» мешітінің имамы Ержан Мизамов, облыстық орталы мешіттің ұстазы Гүлмайра Тұрлыбекова қонақ болып, сүбелі сұхбат берді.
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Уағыз-насихат бөліміне қарасты Әйел-қыздар секторының жаңа меңгерушісі тағайындалды.
Бүгін елордада ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Уағыз-насихат бөліміне қарасты аймақтағы Әйел-қыздар секторының жауапты мамандарымен кездесті.
Ақтөбе қалалық орталық мешітіндегі әйелдер орталығының ұстазы Айдана Разақтың жетекшілігімен Құранға түскен шәкірттерге тәж кию рәсімі ұйымдастырылды.
Көктемнің алғашқы жұмасында әйел ұстаздардың ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Рамазанға дайындық» атты қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Бүгін 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде шәкірттер ұстаздар мен мешіт қызметкерлеріне мерекелік шара ұйымдастырып, мерекелік дастархан жайды.
Ақтолқын Тажикова – Жалған діни ақпаратпен күрес \«Иман нұры» бағдарламасы
В центральной мечети «Нур-Гасыр» состоялся семинар для девушек и женщин. На мероприятии рассматривались факторы, влияющие на воспитание ребенка. Приглашенные спикеры, преподаватели мечетей со всего Западного Казахстана, приводили примеры из аятов и хадисов, а также прочитали проповедь о значимости воспитания патриотических чувств у молодежи. Кроме этого были обсуждены вопросы сохранения традиций и обычаев казахского народа.
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен 26-27 ақпан күндері облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Бала тәрбиесіне әсер ететін факторлар» атты әйел ұстаздарға арналған Батыс өңірлік семинар өтіп, оған 120-дан аса қыз-келіншектер қатысты.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының бастамасымен республика бойынша өткізіліп жатқан «Күшіміз бірлікте» атты қайырымдылық акциясы аясында Ақтөбе облысына қарасты мешіттердің ұйымдастыруымен 481 отбасыға 3 264 252 теңгеге қамтыған 7 тонна 351 кг азық-түлік қоржындарын үлестірді.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Ардақ Бағдалқызының жетекшілігімен «Құран —екі дүние бақыты»атты тәж кию рәсімі ұйымдастырылды.