Жеңіс күнінде имамдар ардагерлерлерге құрмет көрсетті (ФОТО)
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде Жеңіс күнінде имамдар ардагерлерлерге құрмет көрсетті.
Хромтау ауданының бас имамы Ерік Қонақбайұлы жалғыз соғыс ардагері Василий Грецкийді мерекемен құттықтады. Ғасыр куәгеріне Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиевтің атынан құттықтау лебізін білдіріп, сый-сияпат жасады.
«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында аға ұрпаққа қамқорлық көрсету —ҚМДБ-ның басым бағыттарының бірі. Ел басына қатер төнген жылдары кеудедегі шыбын жаны шыққанша жаумен жаға жыртысқан батырларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз.Бізге сыйлаған бейбіт өмір, ашық аспан үшін шексіз алғысымызды білдіреміз. Кеудеңізге тағылған медальдар — үлкен еңбектің жемісі», - деді Ерік Қонақбайұлы
Василий Грецкий — Ақтөбе облысында көзі тірі жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері. Оның балалық шағы қиындықпен өткен. Әкесінен ерте айырылған. Бес бауырымен бірге мақта жинап, нан тауып, еңбекке ерте араласқан. Соғыс басталған шақта алдымен оның үлкен ағасы, 1942 жылы шілдеде өзі Қызыл Әскер қатарына шақырылған. Алматыда 6 ай қызмет еткеннен кейін ол майданға аттанады. Ардагер атты әскер корпусында қызмет еткен. Украина мен Беларуссия, Польша, Чехословакия, Румыния және Германия майдандарында соғысқан.
Жеңісті Берлиннен 75 шақырым жерде орналасқан ауруханада қарсы алған. Кейін олардың полкі Орал қаласына жіберіледі. 1946 жылы соғыста алған жарақаттарына байланысты демобилизацияланды. Жауынгерлік қызметі үшін 1944 жылдың күзінде мемлекеттік «Қызыл жұлдыз» орденіне ұсынылды. Кейін II дәрежелі Отан соғысы орденімен наградталды.
Айта кету керек, Жеңіс күні ҚМДБ-ы ұжымы мыңнан астам тыл ардагерлерін құттықтады
Сонымен қатар еліміздің күнтізбесіндегі елеулі орын алатын 7 мамыр — Отан қорғаушылар мерекесінің қарсаңында және ұлы жеңістің 80 жылдығына орай ардагерге құрмет көрсетілді.
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы жастық шағы соғыс жылдарына тұспа-тұс келіп, тағдыр тауқыметін көрген Молдабай Нұралыұлын зиярат етіп, қариямен сұхбаттасып қайтты. 40 жыл құрылыс саласында еңбек етіп, 20 жылдан аса уақыт халық арасында молдалық қызмет жасаған қазыналы қария қазіргі уақытта бес уақыт намазын қаза қылмай, жұма намазында жамағатқа өнегелі батасымен танымал. Кездесу барысында данагөй ақсақал бүгінгі жастарға қара қанның қадірін біліп, тыныш заманның нығметін сезіне білсе екен деп ішкі лебізін білдірді.
Мешіттің бас имамы ақсақалға мерекеге орай сый-сияпат табыс етіп, қасиетті Құран Кәрім сыйлады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram