25 Зул-Қағда
Ойыл: «Бірлігі жарасқан жамағат» атты  ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды 4489

Ойыл: «Бірлігі жарасқан жамағат» атты ұлттық спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырылды

09 мамыр 2025 183 Оқу 1 минут

ҚМДБ-ның 2025 жылдағы 4 бағыттың бірі —«Дін мен дәстүр» бағыты бойынша Ойыл аудандық мешітінің ұйымдастыруымен «Бірлігі жарасқан жамағат» атты ұлттық және сүннетке сай спорт ойындарынан сайыс ұйымдастырылып, оған Темір ауданынан "Досжан Хазірет ишан" мешіті, Қобда ауданынан "Шәріп молда" мешіті, Атырау облысы, Миалы ауданынан "Бәйтерек" мешіттерінің имамдары арнайы қатысты.

Ұлттық спорт түрлерінен сайыс тартысты әрі қызық өтті.

Жарыстың мақсаты — бауырмалдық мұсылман сипаттарының бірі. Пайғамбарымыз (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай дейді: "Сендердің ешбірің өзіне қалағанын дін бауырына да қаламайынша, толық иман келтірген болмайды". Бауырмалдық — бұл адамдар арасында шынайы қасиет. Әсіресе, мұсылман бауырың үшін барыңды салып қолдау көрсету — қайырлы істің абзалы екенін насихаттау. Сонымен қатар мешіт имамдары өзара тәжірибе алмасу, мешіт жамағатының бірлігін арттыру.

Мешіттер арасындағы командалық нәтиже бойынша I орынды Атыраудан ат артып келген яғни Миалы ауданынан "Бәйтерек" мешіті жамағаты болса, II орынды Темір ауданының "Досжан Хазірет ишан" мешіті, ал III орынды Қобда ауданынң "Шәріп молда" мешіті иеленді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі