Жеңіс күні мерекесіне орай мешіт ақсақалдарына дастархан жайылды 3375

Жеңіс күні мерекесіне орай мешіт ақсақалдарына дастархан жайылды

31 мамыр 2024 267 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық "Матай Қоқанұлы" және қалалық "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінің ұйымдастыруымен 7 мамыр -  Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр - Жеңіс күні мерекесіне орай мешіт ақсақалдарына дастархан жайылды.

Мерекелік шара Шалқар қайырымдылық мекемесінде өтіп, шараға Шалқар ауданының имамдары мен мешіт ақсақалдары қатысты. 

Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков мешіт ақсақалдарынан Қонысбай Түймебайұлына шекара қызметінде ерлікпен дүниеден өткен Ерлан Ниязовтай ұлды тәрбиелегені үшін алғыс білдірді. 

Сондай-ақ, "Ауған соғысына" қатысқан  Прімжар Ынтаұлы мен

Қайрат Ілдашұлынада ерекше ілтипат көрсетіліп , сый-сияпат тарту етілді.

Шара соңында жиналғандар майдан даласында ерлікпен қаза тапқандарды еске алып, рухтарына Кұран бағыштады.