Мәуліт айына Алау Әділбаевтың тартуы 968

Мәуліт айына Алау Әділбаевтың тартуы

18 қазан 2021 196 Оқу 1 минут

Рабиғул-ауәл айының 11-нен 12-не қараған мүбарак түні қарсаңында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің «Нұр-Мүбарак» баспасынан «Сахабалардың Пайғамбарға (с.а.с.) деген сүйіспеншілігі» атты PhD доктор, доцент Алау Әділбаевтың жаңа еңбегі жарық көрді.

Жаңа кітапта қасиетті Құрандағы: «Егер Алланы жақсы көрсеңдер маған бағыныңдар, Алла да сендерді жақсы көріп күнәларыңды кешсін. Алла Тағала тым кешірімді әрі аса Рақымды» -деген аятқа иман етіп, Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Сендердің араларыңнан бір кісі мені әкесінен, баласынан және бүкіл адамдардан артық жақсы көрмейінше иман еткен боп саналмайды» - деген хадисіне амал еткен сахабалардың саф махаббаты жайлы сыр шертеді.

Автордың жаңа туындысында Пайғамбарымызды жақсы көрудің негіздері, Пайғамбарымыздың жоғарғы мәртебесі, ерекшеліктері мен артықшылықтары және сахабалардың Пайғамбарға деген сүйіспеншілігі секілді асқақ сезімдері қамтылған ғибратты оқиғаларды арқау ете отырып баяндалады.

Қауымдастырылған профессор, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Алау Шайқымұлының жаңа еңбегі жалпы оқырманға арналған. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитетінің дінтану сараптамасының оң қорытындысы берілген.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі