13 Джумада әл-әууәл
«Жастар ісі» секторы: Ақтөбе облысының шағын футбол чемпионаты өз мәресіне жетті 4681

«Жастар ісі» секторы: Ақтөбе облысының шағын футбол чемпионаты өз мәресіне жетті

11 шілде 2025 178 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіндегі «Жастар ісі» секторының және Ақтөбе әуесқойлар футбол лигасысының ұйымдастырумен 2025 жылдың көктемі мен жазында Ақтөбе облысы бойынша ең ауқымды спорттық шаралардың бірі — шағын футболдан (6x6) чемпионат өтіп, өз мәресіне жетті.

Екі айға созылған бұл чемпионатта 64 топ қатысты. Жалпы саны 800-ге жуық жас футболшылар өзара бақ сынады.

Жарыстың қорытындысы мен марапаттау рәсімі Ақтөбе қалалық мәдениет үйінде салтанатты түрде өтті.

Қортынды жиында ҚМДБ «Жастар ісі» секторының Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аслан Қорған «Күшті мұсылман — әлсіз мұсылманнан қайырлырақ» хадисті мысал етіп, бұл чемпионат тек футбол жарысы ғана емес, жастар арасындағы ынтымақ, салауатты өмір салты және рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған тағылымды бастама болғандығын айтып, қатысушыларға жүрекжарды лебізін білдірді.

Жеңімпаз командаларға кубоктар, медальдар және мақтау қағаздары табысталды.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі