РАНТ мүшесі Батыс Қазақстан облысында 1088

РАНТ мүшесі Батыс Қазақстан облысында

11 қараша 2021 154 Оқу 1 минут

РАНТ мүшесі, «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Дәуренбеков ҚР діни экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру, тыйым салынған діни ұйымдардың идеологиясына қарсы Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданында іс-сапарда болды.

Сапар барысында діни сауатын арттыру және мемлекетіміздің дін саласындағы саясатын түсіндіру мақсатында оқытушылар мен мектеп оқушыларына және студенттерге «Қоғамдағы тұрақтылық – басты құндылық», «Шет елдегі күмәнді діни оқулар» , «Қазақы салт пен дәстүрдегі тәрбие» тақырыбында кездесулер өтті.

Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дінтану» пәнінің оқытушылары мен АТТ тобындағы мүшелердің құрамын біліктілікті арттыру мақсатында РАНТ мүшесінің қатысуымен семинар семинар өтті. Аталған семинар соңында дінтану пәні мен АТТ құрамына сертификаттар табысталды.

Шыңғырлау ауданы әкімідігі мен «Ақтөбе» медресе-колледжі мемлекеттік дін саласындағы саясатты тиісті деңгейде жүзеге асыру және діни тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды алдағы уақытта өзара ынтымақтастықта жүзеге асыру, конфессияаралық қатынастар және өзара ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандумға қол қойды.

Одан өзге «Ақтөбе» медресе-колледжінің директоры Әбдімүтәлі Қайназарұлы «Жастарға кеңес», «Шет елдегі күмәнді діни оқулар», «Тәрбие және білім» тақырыптарында Шыңғырлау аудандық орталық мешітінде жамағата уағыз-насихат өткізді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі