«Жастар ісі секторы» өкілі Хромтауда отбасылық семинар өткізді 2751

«Жастар ісі секторы» өкілі Хромтауда отбасылық семинар өткізді

14 наурыз 2024 238 Оқу 1 минут

ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Хромтау ауданы «Нұр» мешітінің қолдауымен , ҚМДБ «Жастар ісі секторының» өкілінің ұйымдастыруымен «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында «Бақытты болудың 7 құпиясы» тақырыбында жас отбасыларға арналған семинар өтті.

Аталған семинарға ҚМДБ «Жастар ісі секторы» Ақтөбе облысы бойынша өкілі Еламан Кәрім арнайы қонақ болып қатысты. Еламан Кәрім «Бақытты болудың 7 құпиясы» , отбасы татулығы туралы сөз қозғады.

Одан өзге мешіттің бас имамы Ерік Қонақбайұлы игі шараның ұйымдастырғанына алғысын білдіріп, қоғамның құрылтайшысы Бақытта отбасы екендігін баса айтып, ақ батасын берді.

Семинар соңында жас жұбайлар мен кеш қонақтарына сый-сияпат табыс етілді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі