Ақтөбе: Наиб мүфти имамдарға семинар өткізді
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Ақтөбе» медресе-колледжінде облыстағы имамдардың біліктілігін арттыруға арналған 2 күндік семинарға арнайы елордадан наиб мүфти, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі, Сансызбай Құрбанұлы келіп, дәріс жүргізді.
Семинар барысында наиб мүфти «Тәуәссул және Истиғоса мәселесі» тақырыбына жіті тоқталды. Сонымен қатар «Соңғы пәтуалар және заманауи пәтуалар» тақырыбында дәрістер жүргізіп, қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға толыққанды тұщымды жауап берді.
Имамдардың біліктілігін арттыруға арналған семинардың қортындысында қатысушыларға арнайы сертификат табысталды.
Айта кетсек, екі күндік сапар аясында РАНТ мүшесі облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағатымен кездесіп, «Иманның ләззатын қалай сезінеміз?» тақырыбында насихат айтты. Тақырып кеңінен ашылған ғибратқа толы кездесу қортындысында наиб мүфти жамағат тарапынан қойылған әр сауалға жіті жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі