«Жаратқан сыйға тартқан орамал» атты кимешек тігуден мастер-класс өтті.
Игі шарада сөз басын «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұстазы Жұлдыз Тлеубай бастап, «Әйел адамның киім кию әдебі» тақырыбында насихат айтты.
Сонымен қатар, тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы әйел жамағатына кимешек тігуден тегін мастер-класс өткізіп, кимешекті пішу,тігу әдістерімен бөлісті.
«Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ» демекші, өнерлі қыздар алдағы уақытта да тігін тігіп үйренуге ықыласты, қыз-келіншектер үшін алдағы уақытта да курстан бөлек тегін мастер-класстар жалғасын табатын болады» - деді тігінші Гүлбану Ыбрайымқызы.
Шараның қорытындысы бойынша мастер-классқа 10 адам қатысып, барлығы жұмыстарын сәтті аяқтады. Роза Сағынайқызы ең үздік ретінде танылып, І орын иегері атанды. Ал, Айдана Ерболатқызы ІІ орынмен, ІІІ орынмен Бағдагүл Тажтайқызы марапатталып, жеңімпаздарға арнайы дипломдар мен сыйлықтар табыс етілді.
Айта кетейік, көрермен болып келген әйел жамағаты да біраз тәжірибе жинап, тігінші Гүлбану Ыбрайымқызына алғыстарын білдірді.