«Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында спорттық жоба бастау алды 2398

«Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында спорттық жоба бастау алды

01 ақпан 2023 163 Оқу 1 минут

ҚМДБ бекіткен 2023 жылы – «Ислам және ізгі қоғам жылы» аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінде жамағаттың ауызбіршілігі мен ынтымағын арттыру мақсатында Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлының ұйытқы болуымен «Тәні саудың – жаны сау» атты спорт жобасы қолға алынды. 

Аталған жоба аясында мешіт имамдары мен жамағатпен бірлесіп, әр апта сайын футбол және волейбол ойындары ұйымдастырылып, салауатты өмір салты насихатталуда. 

Сонымен қатар спорт шара негізінде алдағы уақытта ауқымды турнирлер өтеді.

Ізгілікті насихаттауға арналған шараға қолдау білдірген демеуші азаматтарға ерекше алғыс білдіріп, істеріне береке тілейміз!


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі