Ырғыз: Жамағат арасында Құран Кәрімнен жарыс өтті
Ырғыз аудандық мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында Құран Кәрімнің 30-шы парасы бойынша жатқа айту және мәнерлеп оқудан жарыс өтті.
Сайысқа сауат ашу курсында оқитын 8-14 жастағы шәкірттер қатысып, ұпай саны бойынша үздік деп танылғандарды әділқазылар Абуирбек қари Әлиайдар мен мешіт жанашыры Әділбек Тұяқбаев жеңімпаз ретінде марапаттады.
Жеңімпаздар
Жатқа айту бойынша
І орын –Нұржан Төлеген
ІІ орын – Дәурен Саудағали
ІІІ орын – Есентаев Манас
Ынталандыру – Нұрмагамбетов Дәурен
Мәнерлеп оқу бойынша
І орын – Қынап Абдулкарим
ІІ орын – Жақсылық Нұрхасан
ІІІ орын – Қанат Ислам
Ынталандыру – Ахмедияр жақсылық
Ынталандыру – Амандық Нұрәли
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі