ЭКО АРҚЫЛЫ БАЛА КӨТЕРУГЕ БОЛА МА? 3516

ЭКО АРҚЫЛЫ БАЛА КӨТЕРУГЕ БОЛА МА?

01 қыркүйек 2024 144 Оқу 1 минут

Жасанды ұрықтандыру (ЭКО) – табиғи жолмен ұрықтана алмаған әйелдің жұмыртқа клеткасы мен ер адамның ұрығын арнайы медециналық түтікшелер көмегімен ұрықтандырып, әйелдің жатырына салу [1].

Медицинада жасанды ұрықтандырудың негізгі екі түрі бар: 

  1. Іштей ұрықтандыру тәсілі. Яғни ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырда ұрықтандырылады[2].
  2. Сырттай ұрықтандыру тәсілі. Ол – ер адамның ұрығы мен әйел адамның жұмыртқа клеткасы жатырдың сыртында арнайы түтікшелерде ұрықтандырылып, сосын жатырға салынады[3].

Бұл іштей және сырттай ұрықтандыру тәсілдерінің бірнеше көріністері бар. Оның ішінде ұрық пен жұмыртқа клетка ерлі-зайыптыларға тиесілі болса әрі жұмыртқа клетка иесі болған әйелдің жатырына енгізілсе ғана шариғи тұрғыдан рұқсат етіледі[4]. Ал бұдан басқа көріністерде тектің араласуы және «зина» ұғымы туындағандықтан тыйым салынады[5]. Сондай-ақ жұмыртқа клеткасын ажырасқан немесе дүниеден өткен күйеуінің ұрығымен арнайы түтікшелерде ұрықтандырып әйелінің жатырына енгізуге болмайды[6].

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

[1] Мухаммад Шәлтут, «әл-Фәтәуа», 326.

[2] Мухаммад Халит Мансур, «әл-Ахкәму әт-тиббия әл-мутағаллақу бин-нисә фи әл-фиқһ әл-исләм», 77.

[3] Мухаммад али әл-Бәрр, «Халқу әл-инсән бәйнә әт-тибби уә әл-Қуран», 531.

[4] Мустафа Зарқа, «әл-Жәнин уә әл-әхкәму әл-мутағаллақу биһи», 137. «Фәтәуа Шәлтут», 327. «Қарарату уә тәусияту мажмағи әл-фиқһи әл-исләми әд-дуәли», 113. 1985-2011 жж.

[5] Жәмияту әл-Азһар, Куллияту әш-шарғияти уә әл-қанун, «Қадая фиқһия муғасара», 1/348. 1986 жылы Халықаралық Ислам Фиқһ Академиясының, Амман қаласында өткен үшінші отырысының,  №16 (3/4) қарары. Қараһдағи, «Фиқһу әл-қадая әт-тиббия әл-муғасара», 576. Мысыр Араб Республикасының, Пәтуа комитеті: https://www.dar-alifta.org/ar/fatawa/11682/%D8%

[6] «әл-Мәусуғату әл-муяссара фи фиқһи әл-қадая әл-муғасара (қисм фиқһ әл-усра)», 151-156.

Ұқсас жазбалар

ҚАЖЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ

ҚАЖЫЛЫҚ ӘДЕПТЕРІ

14 маусым 2022 97
КІШІПЕЙІЛДІК

КІШІПЕЙІЛДІК

26 наурыз 2022 136
ИМАНИ ГҮЛ

ИМАНИ ГҮЛ

11 тамыз 2023 72
АҒАШ ЕККЕН АДАМ...

АҒАШ ЕККЕН АДАМ...

22 тамыз 2023 91