Тіл-көзден сақтанудың жолдары 1272

Тіл-көзден сақтанудың жолдары

02 ақпан 2022 121 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов «Aqtobe» телеарнасындағы ақпараттық-сазды «Қайырлы таң, Ақтөбе!» бағдарламасында қонақ болып, «Көз – адамның айнасы» тақырыбында сүбелі сұхбат берді. 

Бағдарлама барысында наиб имам адам өміріндегі тіл-көзден сақтану жолдарына, бұл турралы исламда не айтылғандығына тоқталды.

Одан өзге  тікелей эфирде Нұрбол Смағұлов күнделікті «Фәләқ», «Нәс», «Аят әл-Курси» сүрелерін оқып жүру арқылы тіл-көзден сақтауға болатындығын атап өтті.

Сұхбаттты https://nurgasyr.kz/p/kz-tiyuden-alaj-satanamyz-nrbol-smalov-ajyrly-ta-tbe-badarlamasy көре аласыздар. 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі