Ақтөбе: «Үздік маман» мен «Үздік халал кәсіпорын» иесі атанды 4857

Ақтөбе: «Үздік маман» мен «Үздік халал кәсіпорын» иесі атанды

20 September 2025 204 Оқу 1 минут

Алматы қаласында ҚМДБ «Халал Даму» стандарттау және сертификаттау мекемесінің ұйымдастыруымен «HALAL EXPO-2025» халықаралық көрмесі басталды. Оған өкілдіктегі жауапты мамандар Алмат Әли мен Ақмаржан Ержанқызы қатысып жатыр. 

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық көрмесінің ашылу рәсімінде үздік халал кәсіпорындар мен мамандарды марапаттады. Олардың ішінде Ақтөбе өкілдігіндегі кәсіпорындардың аудит жұмыстарын жүргізетін технолог Ақмаржан Ержанқызы «Үздік маман», 1 жылда 12 224 мын тонна өнім өндіретін «Таңдем» «Үздік халал кәсіпорын» иесі атанды.

Марапаттау рәсімінде халал индустриясын дамытуға елеулі үлес қосқан кәсіпорындар, сапалы өнім өндірушілер, сонымен бірге халал стандарттарын жетілдіруге атсалысқан мамандар арнайы алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.

Бұл игі дәстүр адал еңбекті ынталандырып қана қоймай, халал саласында сапаны арттыруға және әділ бәсекелестікті дамытуға серпін береді.

«Үздік халал кәсіпорын»:

1. «Тандем» кәсіпорыны «Молочные истории-А» ЖШС

2. «Нәтиже Сүт Фабрикасы» ЖШС

3. «Кондитерский дом Kulikov»

4. «Балмуздак» ЖШС

5. «ҚАРҚЫН-2030» ЖШС

6. «AQNUR» ШҚ

7. «ADIL_SAUDA» ЖК

8. «Qulpynai Production» ЖШС

 

«Үздік мамандар»:

1. Ақылбек Амангелдіұлы

2. Іздібай Бегенұлы

3. Мақсат Аманжолұлы

4. Дархан Даярбекұлы

5. Айгүл Оралбайқызы

6. Жанат Ахметқызы

7. Жансая Шалқарқызы

8. Ақмаржан Ержанқызы.

Марапат иелерін құттықтаймыз! Алар асуларыңыз аласырмасын!

Осы аптада Астана қаласынан арнайы іс сапармен келген «Мұнара» телеарнасы «Алашқа адал ас» бағдарламасына «Тандем» кәсіпорынын түсірді. Аталған түсірілім барысында технолог Ақмаржан Ержанқызы да сұхбат берді.

Ал былтыр халықаралық көрмеде де Ақтөбе облысынан «Айс-плюс» — «Үздік халал» кәсіпорын атанды.















Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі