Ақтөбе: Ұстаздың еміне 3 000 000 теңге көмек берді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазына жиналған жамағатқа «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» акциясы бойынша «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы Қайрат Дәрмеовтың еміне 3 000 000 теңге көмек берілді.
Өңірдегі имамдардың бастамасымен, жамағаттың қолдауымен аталған қаражат бір аптаның ішінде жиналды.
Сертификатты облыстық мешіттің наиб имамы, қордың өңірдегі өкілі Алмат Әли табыстады.
Қайрат Дәрменов – «Ақтөбе» медресе-колледжінің, «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі. «Нұр Ғасыр» мешітінде наиб имам, Темір ауданының бас имамы қызметін атқарды. Қазіргі таңда «Сүлеймен ата» мешітінің ұстазы .
Алла Тағала шын ниетпен берілген садақаның қайтарымын еселеп беретінін бұйырады. Бұған қатысты аяттарда былай дейді: «Алла жолында мал-мүлкін садақа қылғандар жеті дана бас шығарған, әрбір басында жүзден дәні бар дақылға ұқсайды. Алла қалаған пендесіне еселеп сауап береді. Алла дархан, бәрін білуші» (2.Бақара-261). Сауабы мол игі іске атсалысқан жандарға Алла Тағала разы болсын!
Айта кетейік, «Зекет және қайырымдылық» қордың бастамасымен сырқатқа шалдыққан азаматтарды қолдау мақсатында «Өмірге үміт сыйла» жобасы бірнеше бағытта жүзеге асырып келеді. Соның бірі – жиналған қаражатты науқастардың еміне, отасына жұмсау.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram