20 Мұхаррам
«Дәстүрім – алтын қазынам» атты шара өтті 4515

«Дәстүрім – алтын қазынам» атты шара өтті

18 мамыр 2025 208 Оқу 1 минут

ҚМДБ “Ислам және отбасы құндылығы” аясында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығында "Дәстүрім  алтын қазынам" атты іс-шарасы өтті. 

Шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрімізді насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеу.

Іс-шара барысында ақ жаулықты аналарымыздың жас қыз-келіншектерге киіз басу өнерінен  шеберлік сабағын өткізіп, қыр-сырлары мен негізгі мәнін түсіндірді. 

Сонымен  қатар қатысушыларға дастархан жайылып әйел ұстаздар “Отбасыдағы мәміле” тақырыбында уағыз-насихат айтты.

Айта кетейік, шараға 50-ге жуық қыз-келіншек қатысты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі