Ақтөбе: Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы дұға жасалды
Халықаралық мүгедектер күніне орай облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінде облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы еліміздегі мүмкіндігі шектеулі жандарға, олардың асыраушылары мен дәрігерлерге, қамқорлық танытып жүрген азаматтар үшін арнайы дұға жасады.
Айта кетсек, Халықаралық мүгедектер күні қарсаңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен бесін намазы кезінде еліміз бойынша бір мезетте Құран оқылып, дұға жасалды. Сонымен қатар Бас имам мен наиб имамдар мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы шипа тілеп, іс-шаралар ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі