"Ақтөбе" медресе-колледжінің қыздар бөліміне 500 000 теңге табысталды 5875

"Ақтөбе" медресе-колледжінің қыздар бөліміне 500 000 теңге табысталды

03 ақпан 2026 96 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы "Ақтөбе" медресе-колледжінің қыздар бөліміне 500 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласында орналасқан қыздар медресе-колледжіне 500 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек табысталды.

Аталған игі шара Хромтау аудандық «Нұр» мешіті жамағатының демеушілігімен жүзеге асып, медресе-колледжге арнайы сертификат салтанатты түрде табыс етілді.

Шараға Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Алмат Әли, Ақтөбе медресе-колледжінің директоры Ерік Сұлтанов, қыздар бөлімінің меңгерушісі Ғабит Маткаримов, сондай-ақ Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің бас имамы Марал Иманғали қатысты.

Кездесу барысында қонақтар оқу орнының қызметі мен білім беру үдерісі туралы пікір алмасып, қайырымдылықтың қоғамдағы орны және діни білімді қолдаудың маңызы жөнінде тағылымды ойларымен бөлісті. Бұл бастаманың медресе шәкірттерінің сапалы білім алуына қолдау көрсетуге бағытталғаны ерекше атап өтілді.