Ақтөбе қаласы имамдарымен 2026 жылға арналған жылдық жоспар талқыланды
Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Ақтөбе қаласы имамдарының 2026 жылы атқаратын жұмыс жоспарын талқылауға арналған жиын өтті.
Жиын барысында қаланың бас имамы Алмат Әли ҚМДБ-ның 2026 жылды “Ислам және адал қоғам” жылы деп жариялауына орай, жыл аясында жүзеге асырылатын негізгі жұмыстарды атап өтті. Ол “Ихсан және насихат”, “Діни оқу-ағарту”, “Дәстүр және отбасы”, “Жат діни ағымдардан сақтандыру” бағыттары бойынша жүйелі әрі кешенді жұмыстар жүргізу қажеттігін жеткізді.
Жиынға қала мешіттерінің имамдары мен ұстаздары қатысты.
Сондай-ақ бас имам мешіт имамдарына бірқатар нақты тапсырмалар беріп, мешіттердегі дәрістердің тоқтамауын, жамағатқа күнделікті бесін және ақшам намаздарында уағыз-насихат айтылып отыруын, сондай-ақ айлық және жылдық есептердің уақытылы әрі жауапкершілікпен тапсырылуын қатаң ескертті.












































