Медресе шәкірттеріне ауызашар берді 5876

Медресе шәкірттеріне ауызашар берді

03 ақпан 2026 68 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы және Ақтөбе қалалық «Бақытжан» мешітінің имамдары мен жамағатының ұйымдастыруымен «Ақтөбе» медресе-колледжінде білім алып жатқан шәкірттерге ауызашар дастарханы жайылды. 

Аталмыш шараға аудан және қала имамдары қатысты. Жиында ҚМДБ Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Алмат Әли , Ақтөбе қалалық орталық мешітінің наиб имам Ерәлі Құлмағанбетұлы ілім және  ілім жолындағы ықыластылық туралы насихат айтты. 

Сонымен қатар отырыста медресе-колледж директоры Ерік Қонақбайұлы уағыз айтып, имамдар мен жамағатқа ризашылығын білдірді.

Ауызашар соңында жамағат арасында спорттық сайыс ұйымдастырылып, орын алған жеңімпаздарға қаржылай сыйлық берілді.


Ақтөбе облыстық орталық  «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі