Ақтөбе халқы екінші ижазалы қаримен толықты
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде Х республикалық Құран жарысының іріктеу сайысында Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы Бекзат Дулатұлына құрметпен ижазасын табыстап, Ақтөбе халқы екінші ижазалы қаримен толыққандығын хабарлады.
Сондай-ақ шара барысында ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігі атынан құттықтап, сый-құрмет жасады.
Қари туралы
Бекзат Дулатұлы Ақтөбелік Қартабаев Саламат ұстаздың шәкірті.
Түркия Республикасы, Стамбул қаласында «Марказуд Дияриш Шамия» атты Құран жаттау орталығында Абдулхаким есімді шейх-ғалымға Құран Кәрімді толық тапсырып, «ижаза» алған. Сонымен қатар Осман есімді шейхқа Құранды қайтадан тапсырды . Одан өзге аталған ғалымнан «әт-Тибиян фи хамалатил Қуран» атты кітаптан ижаза алды.
Еске салсақ, Ақтөбе қаласындағы ижазалы алғашқы қари – Бекжан Амангелдіұлы.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітіінң баспасөз қызметі