2 Сафар
Шалқар: Ауданның бас имамы Шілікті ауылына барды 4532

Шалқар: Ауданның бас имамы Шілікті ауылына барды

21 мамыр 2025 312 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің бас имамы Абзал Медетбеков Шілікті ауылына арнайы іссапармен барып, Тоғыз жалпы орта білім беретін мектебі нің оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында діни сауаттылықты арттыру, ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Ауданның Бас имамы «Ислам – ынтымақ пен бірлік діні» тақырыбында мазмұнды кездесу өткізіп, ислам дінінің бейбітшілік пен татулыққа, адамгершілік пен имандылыққа үндейтін негізгі қағидаларына тоқталды.

Кездесу барысында ұстаздар мен оқушылар тарапынан қойылған сауалдарға жан-жақты әрі тұщымды жауаптар берілді. Сонымен қатар, оқушылар арасында дін мен дәстүр сабақтастығы, ұлттық тәрбиенің маңызы туралы сұрақтар қойып, толыққанды жауап алды.

Кездесу қортындысында мектеп ұжымы Бас имамға өз алғыстарын білдіріп, осындай іс-шаралардың жастар тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтті.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі