Ақтөбе: «Халал Даму» директоры «Дала елі» қасапханасын тексерді 3495

Ақтөбе: «Халал Даму» директоры «Дала елі» қасапханасын тексерді

28 тамыз 2024 644 Оқу 1 минут

«Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы Ақтөбе облысына арнайы іс-сапармен келді.

Сапар барысында ТОО «Дала елі» қасапханасын тексерді. Сонымен қатар бақылау-қадағалау шараларына технолог Ақмаржан Ержанқызы мен жергілікті өкіл, облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әли қатысты.

Одан өзге мал бауыздау және союға қатысты қойылатын халал стандарты талаптарының орындалуы мен сақталуы назарға алынды. Малды қолмен, әрі «Бисмиллаһ» айтып бауыздауы, мал сою барысында өткір, қалыңдығы мен ұзындығы стандартқа сай пышақты қолдануы, бір малдың көзінше өзге малды соймауы, қинамауы, малды бауыздағаннан кейін қан ағызу ұзақтығының бекітілген стандартқа сәйкес келуі, мал етін өңдеу, сақтау, сату, тасымалдау секілді кезеңдерінде бекітілген талаптардың жүйелі жүзеге асуы ескерілді. Қорытынды актіге сәйкес, тексеріс барысында халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады.



Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі