Ақтөбе: Баспасөз хатшысы марапатталды
Бүгін облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Тұралиев интернет ресурстарында дін саласындағы мемлекеттік саясатты насихаттау және діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын алу жұмыстарын жүргізуде белсенділік танытып, нәтижелі жұмыс көрсеткені үшін облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің мешітінің Баспасөз хатшысы, журналист Ақтолқын Тажикованы марапаттады.
Сонымен қатар Әлімбек Тұралиев пен «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының басшысы Нұрсұлтан Жанщин интернет кеңістігінде дін мен дәстүр сабақтастығын жаңаша үлгіде насихаттаған Ақтолқын Орысбайқызына биылғы жылда еңбек жолында жемісті болуын тіледі.
Аталған марапат «Аңсар» АТО-ның ұйымдастыруымен өткен семинарда табысталды.
Еске салсақ, Ақтолқын Тажикова республикалық «Жыл үздігі – 2021» танылып, «Дін саласындағы үздік журналист» ретінде марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы