Бегімбетте бата сайысы өтті
Бүгін 16 наурыз – «Бата беру» күніне орай Шалқар ауданы, «Бегімбет» ауылдық мешітінің имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастырумен «Дін және дәстүр» бағыты аясында іс-шара өтті.
Аталған шарада ата-аналар мен балалары бата беруден сайысқа түсті.
Додадағы әділқазылардың төрағасы Шалқар ауданының Бас имамы Бақыт Абдиисламұлы: «Бата беру – қазақ халқының ежелгі салт-дәстүрінің бірі. Ең қастерлі құндылығымыз – батаның айтар ойы терең, ниеті түзу, сөзі нәрлі, көпке тигізер шапағаты мол. Батаменен ел көгерер», -деп игі шараның маңыздылығына тоқталып, «Биылғы балалар жылы аясындағы осындай шаралар ұйымдастырылуы арқылы жастарға дін мен дәстүр – егіз ұғым екенін түсіндіре аламыз»,-дейді.
Жарыс ережесіне сай 1-4 сынып аралығында оқитын 3 оқушы, сонымен қатар 3 ата мен 6 әже қатысқан бата беру бәйгесінің үздіктері анықталып, серитификаттар табыс етілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі