Ақтөбе: «Қажылық анықтамасы» атты дәрістер өтті 1281

Ақтөбе: «Қажылық анықтамасы» атты дәрістер өтті

09 ақпан 2023 141 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде қасиетті кіші қажылық сапарына ниет етушілерге арналған «Қажылық анықтамасы» атты дәрістер ұйымдастырылды.

Дәріс барысында қажылық бағытына жауапты облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов қасиетті сапар талаптарын түсіндірді.

Қажылық сапарға Ақтөбеден биыл қаңтар-ақпан айларында 8 адам барады. Жетекші ретінде гид Ақтөбе облыстық орталық мешітінің наиб имамы Нұрбол Смағұлов. Олар еліміздің «Tawaf travel» компаниясы арқылы аттанатын болады.

Қажылық сапарларыңызға ақ жол тілейміз!

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі