«Дін және дәстүр» тақырыбында онлайн-кездесу сұхбаты өтті
Бөгетсай ауылдық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен @aktobe_ocnt, @khromtau_nur_meshiti, @bogetsaymadeniet инстаграм парақшасында Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Қонақбайұлымен «Дін және дәстүр» тақырыбында онлайн-кездесу сұхбаты өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты: өскелең ұрпаққа ислам діні мен ата дәстүріміздің сабақтастығын терең түсіндіру .
"Ар-ұжданның ақ туын көтерген ата-бабаларымыз кейінгі ұрпағына осыншалықты кең байтақ атамекенді аман-есен жеткізді. Сонымен қатар бізге ең басты байлық – дін дәстүрлерімен өрілген теңдессіз ділімізді, ұлттық болмысымызды, салт-сана, әдет-ғұрпымызды атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кетті.
Ендеше "жаным арымның садағасы" деп мұсылманшылықты ту еткен сол баhадүр бабаларымыздың салып кеткен сара жолынан айнымағанымыз жөн. Қоғамды ынтымаққа ұйытатын, бірлікке бастайтын құндылықтарды қадірлеуіміз қажет"-деді Ерік Қонақбайұлы.
Кездесу барысында Бас имам тақырып төңірегінде ой қозғап, жас ұрпаққа дәстүрді сақтай отырып тілімізді, дінімізді, тарихымызды сақтайтынымыз туралы біршама өсиеттер айтып, сауалдарға жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі